Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisinin 2025 yılı 8. cilt 1. sayısında 5 numaralı makale olarak 81-92 sayfa aralığında yayımlanan “ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖƏНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ” başlıklı makalenin dosyasında dizgi sırasında sehven hata olmuştur. Makale dosyasının asıl biçimi 2025 yılı 8. cilt 2. sayıda yayımlanmıştır.
Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын жəне ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі жəне рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат əдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, əділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мəнін жоймай келе жатқан қазына. Əсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дəстүрінің, əдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі жəне отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Əзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған əр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мəдениет, əдебиет, өнер, руханият, тəлім-тəрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр.Ол ежелгі əдеби, мəдени дəстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мəселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; жəне ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.
Primary Language | Turkish |
---|---|
Subjects | Modern Turkic Languages and Literatures (Other) |
Journal Section | Düzeltme - Erratum |
Authors | |
Publication Date | April 30, 2025 |
Submission Date | December 3, 2024 |
Acceptance Date | January 24, 2025 |
Published in Issue | Year 2025 Volume: 8 Issue: 2 |